Бала ғашық

Мейрамбек Беспаев-Бала ғашық әніЖанды дауысhttp://vk.com/qazaqjuldyzdary - Мейрамбек Беспаев Бала ғашық

Скачать бесплатно и быстро
1370

Текст оды целиком и бесплатно:

Көңілде ән, көгімдегі күн көруші ем,
Барғанда маған ылғи гүл беруші ең.
Жалт етіп жай отындай көкжиектен
Әттең-ай, маған енді бір көрінсең
Кетер ем бұлттарменен араласып,
Көрер ем найзағаймен жағаласып.
Артыңнан ақша бұлт боп жүзер едім,
Көзіме бір көрінсең бала-ғашық.

Көзіме көрінбесең, көрінбе сен,
Күнім боп тұра бергін көгімде сен.
Бұлт болып шуағыңды тұтып алып,
Нөсер боп селдетіп мен төгілмесем.

Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Күн кешіп әлдеқандай жүр екенсің,
Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай
Сап-сары сағынышпен жағаласып,
Басымнан жастық өмір барады асып.
Көзіме бір көрінші, тынайын мен,
Қайдасың, қайдасың сен, бала-ғашық?

Көзіме көрінбесең, көрінбе сен,
Күнім боп тұра бергін көгімде сен.
Бұлт болып шуағыңды тұтып алып,
Нөсер боп селдетіп мен төгілмесем.

Көкке емес, жерге сонда құлайды арман,
Сел болып ағар, мүмкін, лайланған.
Сен сол кез кезбе бұлтқа бір қарап қой,
Сол - менмін көктің жүзін шыр айналған.
Жете алман білем саған, ғарыштасың,
Белгілі мәңгілікке табыспасым.
Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,
Сен маған сағыныш боп жабысқансың.

Мейрамбек Беспаев-Бала ғашық әні(Жанды дауыс)http://vk.com/qazaqjuldyzdary

Ещё классная музыка

  • После бала
  • Бала, ты моё сердце украла
  • Бiр бала
  • Бала Remix
  • Жетiм бала
  • После школьного бала
  • "Ана хам Бала"
  • Королева бала
  • Жылама бала
  • Самая грустная песня, которую я слышала когда-нибудь. Похлеще бала будет
  • Королева бала
  • Джейран Бала
  • Бир Бала
  • Бір бала
  • После бала 1903 год. Читает Вячеслав Герасимов

Все мнения (0)

Форма комментирования

Код проверки на роботов: